Өзін - өзі бағалау, сараптама » Т.Қабылов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Қабылов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
июль
2023

Өзін - өзі бағалау, сараптама

«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Т.Қабылов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі Білім беру ұйымы басшысының жұмысына сараптама
1. Білім беру ұйымының атауы: «Т.Қабылов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Білім беру ұйымы басшысының тегі, аты-жөні: Осанова Ляйла Кушембаевна
3. Білім беру ұйымы басшысының білімі: Жоғары, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты. Мамандығы тарих - география пәні мұғалімі, қазіргі таңда тарих пәнінен сабақ береді.
4. Білім беру ұйымы басшысының санаты:
- пән бойынша: педагог - зерттеуші
- лауазымы бойынша: жоқ.
5. Білім беру ұйымы басшысының еңбек өтілі:
- жалпы басшылықтағы еңбек өтілі: 9 жыл
- аталған мекемедегі басшылықтағы еңбек өтілі: 9 жыл
6. Білім беру ұйымының білім сапасының деңгейіне толық сараптама: 2022-2023 оқу жылында білім сапасы өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,5%-ға артты. Оқу жылының І тоқсанында білім сапасы 53,6%, ІІ тоқсанда 53,2%, ІІІ тоқсанда 55,5%, ІV тоқсанда 56,1% құрады. Жыл бойы білім сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде жылдық білім сапасы жоғарылап 57,2% құрады.
7. Білім беру ұйымынында білім сапасының деңгейін көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар:
Білім сапасын көтеруде бірнеше іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, білім сапасы төмен жекелеген сыныптарда зерттеу сабақтары Lesson study жүргізілді. Зерттеу барысында арнайы топ құрылып, білім сапасының төмендеуінің себептерін анықтады. Зерттеу тобы ауқымды, нәтижелі жұмыстар жүргізді.
Білім сапасын көтеру бойынша жүргізілген келесі жұмыстардың бірі - сыныптар бойынша пән мұғалімдерінің бірлескен жұмыстары. Пән мұғалімдері жекелеген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыстар ұйымдастырды.
Білім сапасын көтеру бойынша жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім сапасында жоғарылау байқалады. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылында білім сапасы 1,5%-ға көтерілді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 57,2%-ды құрады.
8. Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың деңгейі, педагог кадрлардың деңгейін арттыру бағытында қабылданған шаралар:
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес мектеп тиісті бейіні бар педагогикалық кадрлармен қамтылған. Мектептегі негізгі жұмыс орны болып табылатын 44 педагогтер пәні бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен. Үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттары жинақталған. Бастауыш білім беру деңгейі үшін:
Барлығы – 8 педагог, оның ішінде Жоғары санат- 1, педагог-зерттеуші - 0, педагог-сарапшы - 3, педагог-модератор – 3 , Педагог - 1
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейі үшін:
Барлығы – 39 педагог, оның ішінде жоғары санат – 1, бірінші санатты – 1, екінші санатты – 0, педагог-шебер – 0, педагог-зерттеуші -2, педагог-сарапшы – 9, педагог-модератор – 8, педагог - 18
Жоғары білімді педагог саны 46, ол 98,% құрайды, ал арнаулы орта білімді педагог саны- 2, ол 2% құрайды. Педагогтардың деңгейін арттыру үнемі басты назарда. Осы бағытта биылғы оқу жылында біршама іс-шаралар атқарылды, атап айтсақ:
- Мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамыту мақсатында Lesson study аясында зерттеу жұмыстары тиімді ұйымдастырылды;
-Мектепте әрбір пән және сала бойынша апталықтар, онкүндіктер, оқыту семинарлары, практикалық семинарлар, ғылыми конференциялар жоспарлы түрде өтіп тұрды;
-Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы тиімді жолға қойылған;
-Мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастық құру мақсатында тәлімгерлік жұмысы, зерттеу жұмыстары, дарынды оқушылармен жұмыс зерттеуші мұғалімдер арасында жақсы бөлінген;
-Педагогтардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету мақсатында аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі конкурстар, семинарлар, олимпиадаларға үнемі қатыстырылып отырады;
-Мектебімізде жүргізіліп жатқан "Оқуға құштар мектеп" жобасы тек оқушылар арасында ғана емес, мұғалімдер арасында да тиімді іске асырылуда;
-Білімін арттыру мақсатында 5 жыл толмай педагогтар курстарға жіберіліп отыр;
Жүргізілген әдістемелік іс-шаралар педагогтардың шығармашылық ізденіс жағдайларына қосылуына, мұғалімдердің әдістемелік және практикалық дайындық деңгейін арттыруға, педагогтың қызметіндегі өзін-өзі бақылау және өзін-өзі ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын меңгеруге, педагогикалық ойларын енгізуге және алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдауға мүмкіндік берді.
9. Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың әр пән бойынша тестен өте алмау жағдайларда қабылданған іс-шаралар:
2022-2023 оқу жылында біліктілік санатын көтеруге 12 мұғалім өтініш берді, олардың ішінде педагог-модератор – 8, педагог-сарапшы – 3, педагог зерттеуші– 1. Сараптамалық кеңестен барлық мұғалімдер өтті, дегенмен де тестілеуден 1 зерттеуші, 2 сарапшы, 4 модератор өте алмады. Шілде айында тесттен өте алмаған және қатыса алмаған мұғалімдерді өткізу жоспарға қойылды. Ustudy орталығында онлайн тест сынамалары бойынша дайындық жүргізілуде.
10. Білім беру ұйымынында педагог кадрлардың біліктілік курстан өту жағдайы, үлесі:
Педагог кадрлардың 3 жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарына жіберу, сонымен қатар өзге де курстарға қатыстыру белсенді түрде жүргізілуде. 2022-2023 оқу жылында 5 мұғалім курстан өтті Дегенмен бастауыш сыныпқа сабақ беретін бір мұғалімге курстан өту қажеттілігі туындауда. Мұғалімдердің курстан өту үлесі – 96%
11. Білім беру ұйымынындағы тәрбие үрдісіне сараптама:
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді.Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
12. Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациядан өтпеген жағдайда жүргізілген жұмыстар, іс-шаралар жоспары:
Білім беру ұйымы жоспар бойынша 2023 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік аттестациядан өтеді.
13. Білім беру ұйымынында зейнеткерлік жастағы педагогтер саны:
- оның ішінде ең үздік, жұмысы тиімді зейнеткер жастағы педагог саны - 1
- жалпы қанша педагог зейнеткерлікке шығуға жіберіледі: 1педагог
14. Педагог кадрлардың сапалық құрамы не себепті Ұлттық білім беру деректер қорына толық енгізілмеген (біліктілігі, біліктілік курстан өтуі, білімдері т.б.): Талапқа сай толтырылды.
15. Лицензия алмаған мектептер бойынша толық түсініктемелермен, не себепті 1-2 жыл бойы алынбай отырғаны туралы мәлімет, атқарылған жұмыстар: Лицензия бар.

Похожие публикации:

26 апрель 2017 сабақ кестесі
26 апрель 2017 мектеп шаралары
26 апрель 2017 мектеп ұжымы
26 апрель 2017 мектеп тарихы